«Astana Piano Passion» 2019 Байқауын өткiзу жөнiндегi ереже

2018/12/01

Автор: Әкімші

Тегтер: ,

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы ереже «Astana Рiano Рassion»V Халықаралық жас пианистер фестиваль – байқауын (одан әрі — Байқау) өткізу тәртібін реттейді.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімдігі және «Accordi di Astana» Қоғамдық қоры.

1.3. Байқаудың көркемдік жетекшісі – Ресей Федерациясының халық әртісі Денис Мацуев.

1.4. Байқаудың өтетін орны: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

1.5. Байқауды өткізу мерзімі: 2019 жылдың 12-18 мамыр аралығы.

2. МАҚСАТЫ:

Фортепианолық өнер саласында жаңа таланттарды айқындау, ұлттық фортепианолық мектептер дәстүрін нығайту, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу, ұлттық мектептердің дәстүрлері мен шығармашылық байланыстарын нығайту, БММ –нің фортепианолық бөлімінде оқытудың шеберлік деңгейін жоғарылату. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухани тәрбиелеуде классикалық фортепианолық музыканы насихаттау, Қазақстанның дарынды жас музыканттарының шығармашылық жолының алғашқы аяққа тұру кезеңіне қолдау көрсету.

3. БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

3.1. Осы Ереже шарттарын сақтауды бақылау және барлық дайындық жұмыстарын іске асыру үшін, байқауды ұйымдастырушылар өкілдері мен байқаудың көркемдік жетекшісінен тұратын Ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.2. Іріктеу туры бойынша қатысушыларды анықтауда шешуші құқық көркемдік жетекшіге тиесілі. 3.3. Ұйымдастыру комитеті «Astana Рiano Рassion» V Халықаралық фестиваль — байқауына қатысушылар өнерінің аудио және бейнежазбаларына, шақырылған музыканттардың шеберлік сыныптарына, барлық концерттердің бейнетүсірілімдеріне және оларды жарнамалық және әдістемелік мақсатта қолдануға айрықша құқықты

3.4. Ұйымдастыру комитеті қажетті түрде безендірілген өнер көрсететін алаңдарды, байқаудың ашылу-концертінде, финалда және гала-концертте кәсіби симфониялық оркестрдің қатысуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар Байқаудың ашылу және жабылу Рәсімі үшін техникалық және тұрмыстық райдермен қамтамасыз етеді.

3.5. Дау туғызатын сұрақтарды шешу құқығы Ұйымдастыру комитетінің төрағасына тиесілі.

4. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

4.1. Байқауға 18 жасқа дейінгі (Байқау аяқталған күнді қоса санағанда) жас пианистер қатыса алады.

        — кіші топ – 10 жасқа (қоса санағанда) дейінгілер;

        — орта топ – 11-14 жас (қоса санағанда) аралығы;

        — үлкен топ – 15-18 жас (қоса санағанда) аралығы.

4.2. Қазылар алқасы мүшелерінің оқушылары байқауға қатыса алмайды.

5. БАЙҚАУ РЕТТЕМЕСІ

5.1. Байқаудың іріктеу кезеңіне қатысуға өтініштер 2019 жылдың 30 қаңтарында басталады.

5.2. Іріктеу айналымы байқаудың Көркемдік жетекшісі бастаған, арнайы құрылған комиссиямен,үміткердің өтінім сараптамалары және олардың бейнеоматериалдарын көру арқылы өтеді.

5.3. Барлық өтінімдер Байқаудың Ұйымдастыру комитетімен құпия түрде қаралады. Ұйымдастыру комитеті үміткерлерден қосымша ақпараттар сұрау құқығына ие.

5.4. Топтардың байқау тыңдалымы екі айналымда өтеді.

5.5. Байқаудың жартылай финалына барлық жасаралық топтар бойынша саны 30-дан астайтын пианисттер өтеді.

5.6. Байқау финалына жартылай финалға өткендердің жалпы санының 50 пайызынан аспайтын қатысушылар ғана жіберіледі.

5.7. Барлық байқау қатысушылары келген бойда, ұйымдастыру комитетіне орындайтын шығарма ноталарының көшірмелерін тапсырулары керек. Байқаудағы өнер көрсетілімдерінен кейін, ноталар қайтарылмайды.

5.8. Байқау қатысушыларына әр айналымның алдында жеке дайындалуы үшін дайындық сыныптары беріледі және байқау тыңдауы өтетін концерттік зал сахнасында акустикалық дайындық үшін, кестеге сәйкес уақыт беріледі.

5.9. Қатысушылардың өнер көрсету реті жеребе тастау бойынша анықталады және бұл рет Байқау бойы сақталады. Алайда, қазылар алқасының төрағасы қатысушының ауруына немесе басқа да форс-мажор жағдайларына байланысты өнер көрсету ретін өзгерту жайлы шешім қабылдай алады.

5.10. Орындалатын шығармалар ретін қатысушылар өз бетінше анықтайды.

5.11. Қатысушыларды тыңдау көпшілік алдында өтеді.

5.12. Барлық шығармалар жатқа ойналуы тиіс.

6. БАҒДАРЛАМА ТАЛАПТАРЫ

6.1. Кіші жас аралық топ (10 жасқа дейін қоса санағанда):

Жазба бойынша Іріктеу кезеңі.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Полифониялық шығарма;

        — Асқан шеберлі этюд

        — Классицизм дәуірі шығармалары (сонаталар немесе классикалық вариациялардың бірінші немесе екінші және үшінші бөлімдерін ойнауға рұқсат етіледі).

        — Іріктеу кезеңінде ойнау уақыты бойынша шектеу – 10 минутқа дейін.

Жартылай финал – жеке бағдарлама.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Кантилена мінезіндегі шығарма

        — Асқан шеберлі шығарма – кез келген

        — Қазақстан композиторларының шығармалары жартылай финалдың жалпы уақытша дыбыс лимиті шегінде таңдалады.

        — Жартылай финалда ойнау уақыты бойынша шектеу – 15 минутқа дейін.

Финал

Оркестрмен концерттер орындау:

И. С. Бах

        — оркестрмен клавирге арналған концерт ре минор BWV 1052,

        — оркестрмен бірге клавирге арналған концерт фа минор BWV 1056;

Й. Гайдн

        — Оркестрмен фортепианоға арналған концерт Ре мажор;

В. Моцарт

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №12 ля мажор K. 414,

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №21 до мажор K. 467

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №23 ля мажор К. 488

Л. В. Бетховен

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 шығ. 15

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 шығ. 19

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №3 шығ. 37

Ф. Мендельсон

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 соль минор шығ. 25

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 ре минор шығ.

Э. Григ

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт ля минор

К. Сен-Санс

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 соль минор (қатысушының еркі бойынша бірінші бөлімді ғана немесе екінші және үшінші бөлімдерді ойнауға болады).

6.2 Орта жас аралық топ (11-14 жас аралығы қоса алғанда):

Жазба бойынша Іріктеу кезеңі.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Полифониялық шығарма

        — Асқан шеберлі этюд

        — Классицизм дәуірі шығармалары (сонаталар немесе классикалық вариациялардың бірінші немесе екінші және үшінші бөлімдерін ойнауға рұқсат етіледі).

        — Іріктеу кезеңінде ойнау уақыты бойынша шектеу – 15 минутқа дейін.

Жартылай финал – жеке бағдарлама.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Кантилена мінезіндегі шығарма;

        — Асқан шеберлі шығарма – кез келген;

        — Қазақстан композиторларының шығармалары жартылай финалдың жалпы уақытша дыбыс лимиті шегінде таңдалады.

        — Жартылай финалда ойнау уақыты бойынша шектеу – 20 минутқа дейін.

Финал

Оркестрмен концерттер орындау:

И. С. Бах

        — оркестрмен клавирге арналған концерт ре минор BWV 1052,

Й. Гайдн

        — Оркестрмен фортепианоға арналған концерт Ре мажор;

В. Моцарт

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №12 ля мажор K. 414,

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №21 до мажор K. 467

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №23 ля мажор К. 488

Л. В. Бетховен

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 шығ. 15

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 шығ. 19

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №3 шығ. 37

Ф. Мендельсон

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 соль минор шығ. 25

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 ре минор шығ. 40

Э. Григ

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт ля минор

К. Сен-Санс

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 соль минор

Ф. Лист

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ми-бемоль мажор

Ф. Шопен

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ми минор шығ.11

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 фа минор шығ. 21

Д. Шостакович

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 фа мажор шығ. 102

С. Прокофьев

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ре-бемоль мажор шығ. 10 (қатысушының еркі бойынша бірінші бөлімді ғана немесе екінші және үшінші бөлімдерді ойнауға болады).

6.3. Үлкен жас аралық топ (15-18 жас аралығы қоса алғанда):

Жазба бойынша Іріктеу кезеңі.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Полифониялық шығарма;

        — Асқан шеберлі этюд;

        — Классицизм дәуірі шығармалары (сонаталар немесе классикалық вариациялардың бірінші немесе екінші және үшінші бөлімдерін ойнауға рұқсат етіледі).

        — Іріктеу кезеңінде ойнау уақыты бойынша шектеу – 20 минутқа дейін.

Жартылай финал – жеке бағдарлама.

Қатысушының таңдауымен еркін бағдарлама (шығармалар саны шектелмеген), бұған кіретін шығармалар:

        — Кантилена мінезіндегі шығарма;

        — Асқан шеберлі шығарма – кез келген;

        — Қазақстан композиторларының шығармалары жартылай финалдың жалпы уақытша дыбыс лимиті шегінде таңдалады.

        — Жартылай финалда ойнау уақыты бойынша шектеу – 30 минутқа дейін.

Финал

Оркестрмен концерттер орындау:

В. Моцарт

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №21 до мажор K. 467

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №23 ля мажор К. 488

Л. В. Бетховен

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 шығ. 15

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 шығ. 19

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №3 шығ. 37

Ф. Мендельсон

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 соль минор шығ. 25

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 ре минор шығ. 40

Э. Григ

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт ля минор

К. Сен-Санс

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 соль минор

Ф. Лист

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ми-бемоль мажор

        — Пляски смерти, оркестрмен фортепианоға арналған концерт

Ф. Шопен

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ми минор шығ. 11

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 фа минор шығ. 21

П. Чайковский

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 си-бемоль минор шығ. 23

С. Рахманинов

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 фа-диез минор шығ. 1

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 до минор шығ. 18

        — Паганини тақырыбына рапсодия ля минор шығ. 43

Д. Шостакович

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №2 фа мажор шығ. 102

С. Прокофьев

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 ре-бемоль мажор шығ. 10

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №1 соль минор шығ. 16

        — оркестрмен фортепианоға арналған концерт №3 до мажор шығ. 26

Қазақстан композиторлары шығармаларының нотасын байқаудың astana-app.com/notes арнайыжелісінен таба аласыздар.

7. БАЙҚАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

7.1. Байқауда тек бір ғана Гран-при ұсынылады.

7.2. Байқаудың қазылар алқасы әр жас аралық топтар бойынша «Astana Piano Passion» V Халықаралық жас пианисттер фестиваль – байқауының 1,2 және 3 сый орындарынтағайындайды.

7.3. Финалға өтпей қалған байқау қатысушылары,жартылай финалисттердің концертіне қатысады.

7.4. Финалға өткен, бірақ сыйлыққа (лауреат атағына) ие бола алмаған байқау қатысушыларына «Astana Piano Passion» V Халықаралық фестиваль — жас пианисттер байқауының дипломанттары атағы беріледі.

7.5. Қазылар алқасының шешімі бойынша лауреаттар мен дипломанттар қорытынды Гала-концертке қатысады.

7.6. Байқау нәтижелері тыңдаудың соңғы күні жарияланады.

8. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Қатысушылардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

8.2. Қазылар алқасының төрағасы — Денис Мацуев.

8.3. Байқаудың қазылар алқасы құқылы:

        — жүлделі орындардың бәрін бірдей бермеуге;

        — Гран-приді бермеуге;

        — ақшалай жүлдені бір жүлделі орынды иеленген байқау қатысушыларына бөліп беруге;

        — ақшалай жүлдені бір орынды иеленген байқау қатысушыларының мұғалімдеріне бөліп беруге;

        — арнайы және ынталандыру сыйлықтары мен дипломдар беруге.

8.4. Дауыс саны тең болған жағдайда қазылар алқасының құрметті төрағасы қосымша дауыс беруге құқылы.

8.5. Қазылар алқасының шешімі кесімді және қайта қарауға келмейді.

9. БАЙҚАУ СЫЙЛЫҚТАРЫ

9.1. Байқаудың сыйлық қоры – 60 000$ құрайды және төмендегідей үлестіріледі:

Кіші топ

        — 1 жүлде – 4000 АҚШ доллары;

        — 2 жүлде – 2000 АҚШ доллары;

        — 3 жүлде – 1000 АҚШ доллары;

        — Дипломанттарға – 500 АҚШ долларынан.

Орта топ

        — 1 жүлде – 7000 АҚШ доллары;

        — 2 жүлде – 5000 АҚШ доллары;

        — 3 жүлде – 3000 АҚШ доллары;

        — Дипломанттарға – 1000 АҚШ долларынан.

Үлкен топ

        — 1 жүлде – 10 000 АҚШ доллары;

        — 2 жүлде – 7000 АҚШ доллары;

        — 3 жүлде – 5000 АҚШ доллары;

        — Дипломанттарға – 1500 АҚШ долларынан.

Байқаудың лауреаты атанған қатысушылардың мұғалімдеріне арналған жүлделер – 1000 АҚШ долларынан.

9.2. Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлықтары.

9.3. Байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің арнайы сыйы:

9.4. Қазақстан композиторы шығармаларын үздік орындағаны үшін сыйлық.

9.5. Интернет – дауыс беру бойынша көрермендер көзайымы сыйлығы.

9.6. Әр бір жас санаттары бойынша оқуға гранттар, арнайы және ынталандыру сыйлықтары берілуі де мүмкін.

9.7. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының территориясында төленуге тиіс барлық салықтар, Байқауды ұйымдастырушы «Accordi di Astana» Қоғамдық қорына сыйақы құнының үстінен төленеді.

10. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

10.1. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде 30.03.2019-ға дейін өтініш жіберу керек. astana-app.com/application сайтында қатысушының анкетасын толтыру қажет. (әрі қарай – Өтініш), содан соң:

        — қатысушы мен оның мұғалімі жайлы;

        — орындайтын шығармалардың аттары және авторлары, опусі, тональдігі, хронометражы дәл көрсетілген Байқау бағдарламасы;

        — www.youtube.com сайтына іріктеу кезеңі бағдарламасы мен редакцияланбаған видеожазбаға (шығарма ішінде редакциялауға тыйым салынады) сілтеме болуы керек.

10.2. Байқау желісіндегі өтінімді толтырған кезде, міндетті түрде:

        — Қатысушының тұнықтығы жоғары көркем суретін;

        — Қатысушының туу туралы куәлігі немесе төлқұжатының биік сапалы сканирленген көшірмесі;

        — Алып жүруші кісі төлқұжатының биік сапалы сканирленген көшірмесіэлектронды түрде болуы керек.

10.3. 2019 жылдың 30 қаңтарынан кейін келіп түскен өтініштерді байқаудың ұйымдастыру комитеті қарамайды.

10.4. Өтінімді жіберген кандидаттарға Ұйымдастыру комитеті алғаны жайлы растау жібереді. Толықтырылмаған Өтінімдер немесе жоғарыда айтылған ілеспе материалдары жоқ өтінімдер қаралмайды.

11. БАҚ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

11.1. Қатысушы өз тіркеуінде, ешбір үшінші жақтың Байқау барысында туындаған әлде бір авторлық немесе аудио және басқа материалдарға заңды түрде құқықты емес екенін мәлімдейді.

11.2. Байқау қатысушылары өнер көрсетуінің аудио және видеожазбалары, Байқау аясындағы барлық концерттер мен шақырылған музыканттардың шеберлік-сыныптары, сондай-ақ, оларды жарнамалық және методикалық мақсатта қолдану мен тарату, оларды кабельді телевидениенің ақылы желілерінде көрсету эксклюзивті құқығы, Байқаудың ұйымдастырушысы «Accordi di Astana» Қоғамдық қорына тиесілі.

11.3. Байқау қатысушысы тарату және көрсетілім материалдарын шексіз уақыт кезеңінде және өтеусіз негізде құқықты «Accordi di Astana» Қоғамдық қорына береді.

11.4. «Accordi di Astana» Қоғамдық қоры қатысушыларға қосымша қаламақысыз байқау тыңдалымдарын және қорытынды концертті радио, теледидар және Интернетте тікелей көрсетуге құқылы.

12. ҚАРЖЫ ШАРТТАРЫ

12.1. Байқаудың әрбір жартылай финалисі мен оны алып жүрушіге, Астана қаласына келген күннен бастап, бірақ 2019 жылдың 11мамырынан ерте емес, оның Байқауға қатысатын кезінің соңына дейін, яғни шығып қалғаннан кейін, екі күннен аспайтын уақыт аралығында Ұйымдастырушы номерлерді брондап, қонақ үйде тұратын орнының құны мен 3 мезгіл тамақтану құнын төлейді.

12.2. Байқауды Ұйымдастырушылар Қазақстаннан қатысқан әрбір жартылай финалисттер үшін және оны алып жүрушіге Астана қаласына дейінгі және кері қайтуға теміржол поездарына билеттерді алады, сондай-ақ, трансфермен қамтамасыз етеді (келу, кету, тыңдалым өтетін орындар).

12.3. Шет елден келген әрбір жартылай финалисттер үшін және оны алып жүрушіге Ұйымдастырушылар авиа билеттер алады (эконом-класс), сондай –ақ,трансфермен қамтамасыз етеді (келу, кету, тыңдалым өтетін орындар).

12.4. Байқауға қатысуға шақырту алған Қазақстан Республикасымен визалық тәртібі бар елде тұратын қатысушылар мен оны алып жүрушілер, визаларды дайындау үшін, өз беттерімен жақын жердегі Қазақстан Республикасының консул орнына жүгінулері керек. Байқауды Ұйымдастырушылар байқау қатысушысы мен оны алып жүрушіге Қазақстан визасын алу үшін, арнайы шақыртуларды дайындайды және жібереді. Қазақ визасын дайындауға кеткен шығындарды қатысушылардың өздері төлейді.

12.5. Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар мен оны алып жүрушілерді әлде бір сақтандыру түрлерімен қамтамасыз етпейді.

12.6. Байқауға келген қатысушылар өнер көрсетуден бас тартқан жағдайда, тұратын жері мен жүріп-тұру шығынын өз мойнына алады.

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion — 2019 KAZAKH TV телеарнасында
Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!
Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар