Денис Мацуев Туралы

2018/12/01

Автор: Әкімші

Тегтер: ,

Денис Мацуевтың тұлғалық есімі — аты аңызға айналған орыс фортепиано мектебінің дәстүрлерімен, әсіресе концерттік бағдарламалардың өзгермейтін сапасымен, шығармашылық инновациялармен тығыз байланысты.

Музыканттың шығармашылық жолында тез биік шыңға шығуы 1998 жылдан бастап, Мәскеуде өткен П.И Чайковскийдің XI халықаралық байкауда жеңіске жеткен соң басталды.

Бүгінде Денис Мацуевтің өнерін әлемнің орталық концерт залдарынан тамашалауға болады. Қазіргі таңда ол ірі музыкалық фестивальдерде: Ресей, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдерінің симфониялық оркестрінің тұракты серіктесі болып табылады. Денис Мацуев, шетелде айрықша сұранысқа ие болуын Ресей өңіріндегі кәсіби филармониялардың басты жетістіктері деп санайды. Ең алдымен, оның концерттік бағдарламаларына Ресей премьералары айтарлықтай үлкен үлесін қосады .

Денис Манцуевтің әлемдік сахнадағы әріптесердің арасында АҚШ филармониясы,Чикагонын симфониялық оркестрі ,Филадельфия, Питтсбург, Лос-Анджелес, Германияда (Берлин филармониясының оркестрі) Бавария радиосы, Лепцигтегі Gewandhaus, Батыс неміс радиосы) Франция (ұлттық оркестрі, оркестр де Пари және Француздық радио ішіндегі Филармония оркестрі) Ұлыбритания (BBC оркестрі, Лондон симфониясы, Лондон филармония оркестрлері, Королдік филармониясы жане «Филармония»оркестрі) сондай-ақ, Амстердам Concertgebouw, және Марин театрының оркестрі, Монреля симфониялық оркестрі, LA Scala театрының оркестрі, Ұлттык Санта-Чичелия академия оркестрі , Вендық симфониясы, Израильдық жане Роттердам филармониясы, Осло симфониялық оркестрі, Ұлттык Бельгия оркестрі, Швецария романдық оркестрі Люцерн симфониясы,Будапешт фестивальі жане Варьбе фестивальдық оркестрі, Maggio Musicale жане Еврейлік камера оркестрлері өнер көрсетті.

2010 жылы Нью-Йорк филармониясының оркестрі өзінің он бес мыңыншы жеке есеп беру концертін берді. Бұл концерттің ауқымы мен ерекшелігі соншалық, осы уақытқа дейін әлемдік ешбір симфониялық оркестр дәл осындай деңгейде концерт бермеген еді. Ал, Денис Мацуев болса жеке солист ретінде шақыртылып, өз өнер көрсетті.

Концерттің дирижері Валерий Гергиев болды. Бұл әйгілі концерт Нью-Йорктің Avery Fischer Hall сахнасында өтті. Музыкалық сыншылардың жағымды пікірлеріне ілініп, қоғамда музыкаға деген оң көзқарас тудырып, жоғары бағаланды.

Жылдар бойы пианист Ресейдің танымал музыкалық топтарымен тығыз байланыста серіктес ретінде жұмыс істейді. сондай-ақ, ол Ресейдің аймақтық музыкалық бірлестіктері мен ұжымдарына аса мән береді.

Денис Мацуев әрдайым өз заманының мықты дирижерлерімен шығармашылық тығыз байланыс ұстап отырады. Олар, Валерий Гергиев, Юрий Темирканов, Марис Янсонс, Зубин Мета, Пааво Ярви, Антонио Паппано, Шарль Дютуа, Алан Гилберт, Владимир Федосеев, Юрий Башмет, Михаил Плетнев, Юрий Симонов, Владимир Спиваков, Леонард Слаткин, Иван Фишер, Семен Бычков, Джанандреа Нозеда, Мюнг-Вун Чунг, Юкка-Пекка Сарасте, Манфред Хонэк және тағы басқалары.

Америка Құрама Штатарында жеке шығармашылық кештері Бостанда, Вашингтонда, және Нью-Йоркте Carnegie Hall сахнасында өтеді. Ал, Еуропа жерінде әсіресе Мадридте (Auditorio Nacional de Musica) Лонданда (Royal Festival Hall) (International Piano Series іс – шарасы аясында) және Амстердамның атақты Concertgebow сахнасында (Master Pianists) жобасы аясында өткізіледі.

Денис мырза, дүниежүзілік танымал фестивальдерде өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Ұлыбританияда өтетін Эдинбург фестивалі, «Festspielhaus» Баден- Баден, «Schleswig-Holstein» және «Rheingau» (Германия), Вербье қаласындағы музыкалық фестиваль (Швейцария) «Ravinia» және «Hollywood Bowl» (АҚШ) «Звезды Белых ночей» Санк-Петербург, Люцеря фестивалі (Швейцария), Брукнера фестивалі (Австрия), Baltic Sea Festival (Швеция) және өзге де фестивальдер.

1995 жылдан бері Денис Мацуев Мәскеу филармониясының солисті болып табылады. Ал, 2004 жылдан бері «Солист Денис Мацуев» атты өзінің жеке жыл сайынғы абонементін ұсынады. Абонементте Дениспен бірге Ресейлік және шетелдік оркестрлер өнер көрсетеді. Сонымен қатар, концерттің басты ерекшелігі ретінде маусымдық билеттердің иелері үшін, арнайы концерттердің болуын сақтау және оның өтуін бақылау болып табылады. Абонемент концерттерінің соңғы маусымында Артуро Тосканини мен Лорин Маазельдің симфониялық оркестрі, Мариин театры және Валерий Гергие оркестрі, флоренттік Maggio Musicale пен Зубин Мета, Михаила Плетнева, Семена Бычкова, Джанандреа Нозеды, Пааво Ярви музыканттардың жетекшілігімен Ресей ұлттық оркестрі,және Владимир Спиваков Ресейдің ұлттық филармониясы оркестрінің жеке солисті әрі дирижері ретінде қатысты.

Көптеген жылдар бойы Денис Мацуев бірқатар музыкалық фестивальдердің, білім беру және білім беру жобаларының жетекшісі және шабыттандырушысы болып табылады.

2004 жылдан бастап аса табыспен туған жері Иркутск қаласында «Байкал жұлдыздары» фестивалін өткізеді. 2009 жылы Иркутск қаласының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Ал, 2005 жылдан бері Crescendo байқауының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Аталмыш байқаудың жобасын, әрі жұмысын Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Екатеринбургте, Калининградта, Псковта, Тель-Авивте, Париж және Нью-Йоркте қарсы алды. 2010 жылы Франция да Ресей жылы болып, ал Ресейде Франция жылы болып жарияланды. Осы жылдары Денис Мацуев Францияға бірнеше рет іс-сапармен барып, Анси қаласында өткен өнер фестивалінің жетекшілер тізімне кірді. 2012 жылы Денис мырза бірінші халықаралық Astana Piano Passion жас музыканттар мен пианистер байқау – фестивалінің көркемдік жетекшісі болды. Ал, 2013 жылы Киевте өткен Сбербанк DEBUT фестивалін әртістік директоры ретінде басқарды.

Музыканттың айрықша жауапкершілігі – өзі президенті болып табылатын Игорь Воронов атындағы «Жаңа есімдер» аймақаралық қайырымдылық қоры.. Жиырма жылдан астам уақыттан бері аталмыш қор бірнеше әртістерді тәрбиеледі, ал бүгінде Денис Мацуевтің жетекшілігімен талантты балаларды қолдап, олардың кәсіби музыка саласында білім беру қызметін кеңейтіп келеді.

Бүгінгі таңда «Ресейдің әрбір аймайғынан – жаңа есімдер» атты жоба қолға алынып, Ресейдің 20 қаласында өтеді. 2004 жылы Денис Мацуев BMG компаниясымен келісім-шартқа қол қойды. Олардың бірлесе жасаған тұңғыш жобасы жеке «Tribute to Horowitz» альбомы «2005 жылдың рекорды» жүлдесін иеленді. Ал, 2006 жылы пианист тағы да «Рекорд» жүлдесін П.И. Чайковскидің «Времен года» және И.Ф. Стравинскидің музыка мен балеттің үш франменттік «Петрушка» шығармалары үшін жүлдені қанжығасына байлады. 2006 жылдың жаз айында Юрия Темирканованың жетекшілігімен Санкт- Петербург филармониясының оркестрімен альбом жазды

2007 жылдың көктемінде Денис Мацуев пен Александр Рахманиновтың бірлескен жұмысы арқасында, музыканттың «Белгісіз Рахманинов» шығармасында өзіндік ерекшелік болды. С.В. Рахманиновтыің Люцерндегі Виллем Синар үйінде композитордың туындылары фортепианода ойналып, жазылды.

2007 жылдың қарашасында соло-пианисттің Нью-Йорктегі Carnegie Hall-те салтанатты жұмысы тіркелген, ал 2008 жылдың қыркүйегінде Sony Music жаңа музыкалық альбомын Денис Мацуев шығарған болатын. Carnegie Hall-дағы концертті «Нью-Йорк Таймс» журналы келесі түсініктемені атап өтті: «… Ол соншалықты музыканы нәзік сезінді, бұл осындай керемет сезіммен ғажап әуенді сіз ешқашан естімейтіндейсіз».

2009 жылдың наурыз айында Денис Мацуев, Валерий Гергиев және Мариин театрының оркестрі С.В. Рахманиновтің «Мариинский» жаңа рекорд шығармасын жүзеге асырды. 2011 жылы — Франц Лисзтың мерейтойлық жылында Ресейдің Ұлттық оркестрімен және Михаил Плетневпен жазылған RCA Red Seal альбомы жарық көрді.

Британдық «The Independent» газеті «Апта альбомы» айдарында «…Осы бір әсерге толы СD дискіндегі «Орфей», «Героическая элегия» шығармалары бүкіл орыс халқының мықтылығын көрсететіндей…» — деп жазылды.

2012 жылдың ақпан айында Денис Мацуевтің қатысумен жаңа «Марин» лэйблінің альбомы шықты. Онда үш бірдей фортепиано концерттері жазылған № 1, 2 Дмитрий Шостакович және №5 Родиона Щедрина. Бұл шығармаларды Валерия Гергиева мен Денис Мацуевтің жетекшілігімен Марин театрының симфониялық оркестрі орындады. 2013 жылдың сәуір айында Сергей Рахманниновтың №2 концерт жазылған дисктің презентациясы өтті. Онда Джордж Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия», Нью-Йорк филармониялық оркестрімен жазылған шығарма орындалды. Оның басты дирижері Алан Гилберт. 2013 жылдың қыркүйек айында тағы бір диск шықты. Олар «К. Шимановский. Валерий Гергиевпен және Лондон симфониялық оркестрімен бірге жазылған үшінші және төртінші симфониялар.

2014 жылдың сәуір айында ең беделді Gramophone журналында «Чайковский №1 және №2 фортепианолық және оркестрлік концерттері» дискісі «Айдың альбомы» деп танылды.

«Чайковскийдің алғашқы фортепиано концерті бірнеше рет жазылған, әр кезде «бізге басқа тағы бір жазба жазу керек пе?» деген сұрақтар тұрды. Бұл дискіні тыңдап, барлық күмәндер жойылды. «Бұл жұмысты қаншалықты жақсы білсеңіз де, бұл жазба оның қабылдауын толығымен өзгертетініне кепілдік беремін » — деді музыкалық сыншы Джереми Николас. Чайковскийдің фортепианоға арналған бірінші және екінші концерттерінің стандартты интерпретациясы іс жүзінде табиғатта жоқ және бұл жерде Масюев пен Г. Гергиевтің екінші фортепиано концертін түсіндіру сияқты әсері туралы айтпайды.

Денис Мацуев — С.В. Рахманинов атындағы қордың арт-директорі. 2006 жылдың ақпан айында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Мәдениет және өнер жөніндегі кеңестің мүшесі болды, 2006 жылдың сәуірінде «Ресейдің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. 2009 жылы «Солтүстік Осетия -Алания Республикасы Халық артисі» атағы берілді, ал, 2012 жылғы шілдеде — «Адыгея Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағын алды.

Музыкант үшін маңызды оқиға, беделді әлемдік музыкалық марапаттардың бірі — жақсы сыйақы. 2010 жылы Д.Д Шостакович оған осындай сыйақы марапаттады.

Сол жылдың маусым айында Ресей Президентінің Жарлығымен Денис Мацуев Ресей Федерациясының әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері болды, ал, 2011 жылы мамыр айында пианистке «Ресейдің халық артисі» атағы берілді. 2011 жылдың желтоқсан айында Денис Мацуев Мәскеу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры болды. 2012 жылы Денис Мацуев Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесті басқарды.

2014 жылы Денис Мацуев Сочи қаласында өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарының ресми жабылу рәсімінде өнер көрсетті.

2014 жылдың сәуір айында ЮНЕСКО Денис Мацуевті ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі құрметті атағымен марапаттады.

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!
Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар
Astana Piano Passion 2019: Қос бірдей Grand Prix!