Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!

2019/06/11

Автор: Әкімші

Тегтер: 

Құрама Штаттардағы Cliburn Junior Competition Халықаралық жасөспірімдер байқау – фестивалі Шуан Херн Ли Shuan Hern Lee, Джи Вон Янг және Евы Геворкянның  Eva Gevorgyan жеңісімен аяқталды.

Барлық жеңімпаздардың есімдері бізге арт- директоры Ресейдің Халық әртісі   Денис  Мацуев болып табылатын, Astana Piano Passion  және Grand Competition байқаулары бойынша мәлім. Біз жас пианистердің музыкалық мансабын үнемі қызыға бақылаймыз. Олар өздерінің балғын шақтарынан бастап, тыңдармандарын керемет ойындарымен ғана таң қалдырып қоймай, жас пианистер кәсіби өсу деңгейлерімен де таң тамаша қалдыруда. Биыл олардың сахнаға жарқырап шығып, өз еңбектерінің арқасында Cliburn Junior Competition марапатын иеленуі заңдылық болатын және бұл олардың шеберлігіне сәкес еді.

          Astana Piano Passion байқауының барлық міндеттерін толықтай орындаған олар, 2013 жылғы бірінші байқаудан бастап, түрлі жасөспірімдер байқауының әр кезеңінде үлкен жетістікпен сахнаға шығып, байқаудың финалісті және жеңімпазы атанып отырды.

Аустралиялық Шуан Херн Ли да осылайша, 2013 жылы бірінші Astana Piano Passion байқауына қатысып (ол кезде ол 10 жаста еді), кіші топ бойынша жеңімпаз атанған болатын.

Ева Геворгян 2017 жылы өткен Astana Piano Passion байқауының лауреаты (II сыйлық және көрермендер көзайымы сыйлығының иегері), П. И  Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясы жанындағы Орталық Музыкалық мектептің түлегі.

Янг Дживон / Yang Jiwon — 2015 жылы өткен Astana Piano Passion байқауының орта топ бойынша, 2 сыйлық / 2 prize лауреаты.

Astana Pianо Passion байқауының Ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, ары қарай да олардың жетістіктеріне куә бола беретініне сенеді.

Анықтама: 13 жастан 17 жасқа дейінгі жас пианистерге арналған Cliburn Junior Competition  байқауы 2019 жылдың 31 мамыр — 8 маусым аралығында өтті. Cliburn Бірінші халықаралық жасөспірімдер фестиваль-байқауы 2015 жылы 21-28 маусым аралығында  Техас штатының Форт-Уэрт қаласында өткен болатын.

 

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар
Astana Piano Passion 2019: Қос бірдей Grand Prix!
Astana Piano Passion 2019: Үлкен топ жеңімпаздары анықталды