Astana Piano Passion 2019: Қос бірдей Grand Prix!

2019/05/18

Автор: Әкімші

Тегтер: 

18 мамыр күні «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Astana Piano Passion V мерейтойлық Халықаралық классикалық музыка және жас пианистер байқауының салтанатты жабылуы өтті.

Байқаудың қорытынды нәтижелерін Ұйымдастыру комитеті бұрын жариялағандықтан, кештің басты шытырман оқиғасы — фестивальдің Grand Prix иегерін қазылар алқасы мүшелерінің анықтауы болды.

Әріптестердің ұзақ талқылауынан соң, кіші және орта топтың I сыйлық иегерлері — Тайвань қаласынан Shang-En Pai, АҚШ-тан Adrian Romoff және Ресейден Петр Акуловтың (үлкен топ бойынша I сыйлықты ешкім иеленбегенін естеріңізге саламыз) концерттік ойындарының «байқау тыңдалымынан» кейін, Astana Piano Passion байқауының көркемдік жетекшісі Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев былай деп жариялады:

Astana Piano Passion тарихында алғаш рет қос бірдей Grand Prix иегерлері АҚШ-тан Adrian Romoff және Ресейден Петр Акулов атанды.

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!
Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар
Astana Piano Passion 2019: Үлкен топ жеңімпаздары анықталды