Astana Piano Passion 2019: Үлкен топ жеңімпаздары анықталды

2019/05/17

Автор: Әкімші

Тегтер: 

17 мамырда Astana Piano Passion V мерейтойлық Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауының аясында үлкен топ (15 жастан 18 жасқа дейін) тыңдалымы өтті.
Жас пианисттер өздерінің байқау бағдарламаларын «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрімен ойнады (дирижері — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов).
Тыңдалымның нәтижелері бойынша, Байқаудың көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Денис Мацуевтің бастауымен Халықаралық қазылар алқасы келесі шешімді қабылдады:

Үлкен топ бойынша бірінші сыйлық берілген жоқ.

Екінші сыйлық:
Xinchen Wang / Синчен Уан,
Daniil Nemov / Даниил Немов.

Үшінші сыйлық:
Daria Podorojnova / Дарья Подорожнова,
Aliya Assanova / Әлия Асанова.

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!
Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар
Astana Piano Passion 2019: Қос бірдей Grand Prix!