Astana Piano Passion 2019: Арнайы сыйлықтар

2019/05/23

Автор: Әкімші

Тегтер: 

2019 жылы 18 мамырда Қазақстанның астанасында өз мәресіне жеткен Astana Piano Passion V мерейтойлық Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауынының жабылуында, қазылар алқасы лауреаттарға арнайы сыйлықтарды табыстады:

Фестивальдің көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев лауреаттар тобына: Petr Akulov \ Петр Акулов, Adrian Romoff \ Адриан Ромофф, Daria Podorojnova \ Дарья Подорожнова, Zahar Vnutskih \ Захар Внутских, Daniil Nemov \ Даниил Немов, Fedor Orlov \ Федор Орлов; XinchenWang\Синген Уанға – маэстроның туған қаласы — Иркутскке (Ресей Федерациясы) барып, «Звезды на Байкале» Халықаралық фестиваліне қатысуды сыйлады. Ал, Korzun Agafya \ Корзун Агафья мен Zahar Vnutskih \ Захар Внутских — «Новые имена» Халықаралық қайырымдылық қорының жазғы лагеріне аттанатын болады (Суздаль қаласы, Ресей Федерациясы).

Мәскеу консерваториясының жанындағы Орталық музыкалық мектептің (ОММ) директоры Валерий Пясецкий — байқаудың үш жартылай финалистерін: Rasul Abdugulov \ Расул Абдугулов, Nikolay Biryukov\ Николай Бирюков, Konstantin Tsygankov\ Константин Цыганковты – Мәскеу қаласында фортепиано сыныбы бойынша оқуларын жалғастыруға шақырды. Балаларға ОММ-ке түсу емтихандары бойынша, жеңілдіктер ұсынады. Astana Piano Passion 2019 байқауына сәтті қатысқандары үшін, оқуға түсу кезінде олардың ұпайларына 40 (қырық) балл қосылатын болады.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының дирекциясы екі қатысушыға арнап, концерттерін ұйымдастыру сертификаттарын берді. Қазақстанның басты сахнасында өнер көрсететіндер: Aliya Assanova \ Әлия Асанова және Petr Akulov \ Петр Акулов. Әлияның жеке концерті театрдың камералық залында ұйымдастырылса, ал, Петр үлкен залда «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсететін болады.

Қатысушылардың ешқайсысы Европа және Азиядан жиналған қазылар алқасының арнайы сыйлықтарынсыз қалмады. Мартин Энгстрём Дарья Подорожнованы (Daria Podorojnova) және Адриан Ромоффты Вербье 2019 (Швейцария) фестивалінің оқу бағдарламасына қатысуға шақырды, ал, профессор Минцян Ли — Синчен Уан (Xinchen Wang), Петр Акулов (Petr Akulov), Шан-Ен Пайдың (Shang-En Pai) концерттерін Гонконгте ұйымдастыратын болады.

Accordi di Astana Қоғамдық қоры (фестиваль-байқауды ұйымдастырушысы) екі номинация бойынша марапаттарды тапсырды.
Сыйлықты «Фестивальдің ашылуы» номинациясы бойынша Әлия Асанова \ Aliya Assanova (Қазақстан) және байқаудың ең кішкентай қатысушысы Агафья Корзун \ Agafya Korzun (Ресей) иеленді.
Қазақстан композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін арнайы сыйлығы Петр Акулов \ PetrAkulov және Кэвин Ченге \ Kevin Chen табысталды.

Соңғы жазбалар

Astana Piano Passion жұлдыздары басқа құрлықта жарқырады!
Astana Piano Passion 2019: Қос бірдей Grand Prix!
Astana Piano Passion 2019: Үлкен топ жеңімпаздары анықталды