12-18/05/2019

V «Astana Piano Passion» Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы

© Astana Piano Passion 2013-2019. Барлық құқықтары қорғалған.

Astana Piano Passion 2019

Фестиваль туралы

Халықаралық “Astana Piano Passion” классикалық музыка және жас пианистер фестивалінің ең алғаш презентациясы 2013 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында өтті. Ал, 2013 жылдың мамыр айында Елорда төріне фестивалдің ең алғашқы қатысушылары келді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл байқау әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетіліп, жоғары деңгейде өзіне деген зор қызығушылық танытты. Осы күндері қаншама кәсіби музыканттар мен фортепиано мектептерінің назары фестиваль де болды. Олардың оң бағасы мен шынайы лебіздері “Astana Piano Passion” байқауын әлемдік ең үздік байқаулардың үштігіне кіруіне ықпал етті. Осы халықаралық мәртебе арқылы фестивальге қатысушылар өздерін бар әлемге паш етуге мүмкіншілік алды

«Astana Piano Passion» классикалық музыка және жас пианистер фестивалінің ең алғаш тізігінің ұстап, жүргізген Станислав Бэлза – ресейлік музыкатанушы, әдебиеттанушы, музыка және әдебиет сыншысы, публицист, Ресей өнер академиясының президенті.

Бас қаламызға фестиваль аясында бірнеше талантты музыканттар мен әлемдік жұлдыздар келді. Атап айтқанда, Денис Мацуев (Ресей), Екатерина Мечетина (Ресей), Павел Нерсесьян (Ресей), Жәния Аубакирова (Қазақстан) тағы өзге де кәсіби музыканттар. Осы жұлдыздармен бірге сахнада байқаудың қаншама жеңімпаздары өнер көрсетті. Бас жүлде мен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Астана қаласына жеке шығармашылық концерттерін беруге шақырту алады. Фестиваль күндері қатысушылар әлемдік консерваториялардың ұстаздарынан шеберлік сағаттарын алуға мүмкіндік алады. Байқауға қазылық еткен әділ-қазылар : Мириам Дауэльсберг (Бразилия), Джон О,Коннор (Ирландия), Хюнг-Джун Чанг (Оңтүстік Корея), Мишель Берофф (Франция), Екатерина Мечетина (Ресей), Ари Варди (Израиль), Паскаль Эсканд (Франция), Ванесса Латарш (Великобритания), Петр Палечный (Польша), Валерий Пясецкий (Ресей), Мартин Энгстрем (Швейцария), Станислав Юденич (АҚШ), Сергей Доренский (Ресей), Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Жәния Аубакирова (Қазақстан).

«Astana Piano Passion» фестивалінің жеңімпаздары әрдайым Денис Мацуевтің жеке шығармашылық кештеріне қатысып, әрдайым оның жеке бақылауында болады. Және де өзге де фестиваль-байқаудың қазылар алқасынан түрлі ұсыныстар қабылдай отырып, тіпті, Еуропа мен Американың музыка мектептерінде оқуға шақырту алып та жатады. Бұл байқау қазақ композиторларының туындыларын, қазақ мәдениеті мен жас таланттарын шетелдік тыңдарман назарына ұсынуға, Қазақстан мен шетелдік музыканттар мен жас өнерпаздарының шығармашылық байланыс орнатуына аса зор мүмкіндік береді. Фестивальдің ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі және Астана қаласы Әкімдігі және “Accordi di Astana” қоғамдық қоры. Көркемдік жетекшісі және әділ-қазылар алқасының төрағасы, Ресей Федерациясының Халық әртісі, пианист – Денис Мацуев. Елорда да фестиваль аясында 1 аптаның ішінде 20 іс-шара ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан аса көрермен келеді. Осы уақытқа дейін байқауға қатысуға әлемнің 23 елінен 500-ге жуық адам өтініш білідрген. Байқау күндері Астана бір аптаның ішінде нағыз музыканың отанына айналады. Ол өзінің назарына әлемдік деңгейдегі кәсіби музыканттарды қаратып, классикалық музыканың жанкүйерлерінің бақылауында болады.

«Astana Piano Passion» байқауы әлемдік журналистер мен өзге де БАҚ өкілдерінің назарына ілігеді. Жыл сайын әр түрлі мақалалар жарияланып, жарнама жұмыстары жүргізіледі. Әлемнің кез-келген жерінен ғаламтор арқылы онлайн көрсетілім арқылы көріп, байқаудың әділ өтіп жатқанына көз жеткізіп, ұнатқан қатысушысына электронды дауыс беру арқылы көрермен сыйлығын тағайындай алады.

Показать/скрыть текст

Жаңалықтар

AstanaPianoPassion ескі достарын қарсы алады
Мақаланы оқу
Astana Piano Passion байқауының лауреаттары Астанада қайта жиналады.
Мақаланы оқу
Astana Piano Passion 2019 V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауының қазылар алқасы құрамы анықталды.
Мақаланы оқу

Суреттер мен бейне жазбалар

Astana Piano Passion байқауының фотосуреттері мен бейнежазбаларын біздің галереямыздан көре аласыздар

Astana Piano Passion Astana Piano Passion Astana Piano Passion Astana Piano Passion Astana Piano Passion Astana Piano Passion

Ұйымдастырушылар

Astana Piano Passion

«Accordi di Astana» Қоғамдық қоры

Серіктестер

Ақпараттық серіктестер

Astana Piano Passion